Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2005 жылғы 26-27 мамырда Астана және Алматы қалаларына Түркия Республикасының премьер-министрi Режеп Ердоғанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
қосымшаға сәйкес Түркия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды және Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының iскер топтары өкілдерiнiң қатысуымен Астана қаласында бизнес-форумды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Түркия Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі белгіленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгімен және Сыртқы iстер министрлiгімен бiрлесiп, Түркия Республикасының премьер-министрi Режеп Ердоғанның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
6. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Түркия Республикасының ресми делегациясын болатын орындарында қарсы алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары өкiлдерiнiң, кәсiпкерлерiнiң қатысуымен бизнес-форумды ұйымдастырсын.
8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Түркия Республикасының премьер-министрi Режеп Ердоғанды қарсы алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Даниал Ахметовтiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 25 мамырдағы
N 144-ө өкiмiне
қосымша
Түркия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет
көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары
1. Түркия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласының "Окан-Интерконтиненталь" және Алматы қаласының "Реджент- Алматы" қонақ үйлерiне 1+1+10 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн Астана қаласының "Окан-Интерконтиненталь" және Алматы қаласының "Реджент-Алматы" қонақ үйлерiне орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Түркия Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Түркия Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Даниал Ахметовтiң атынан Түркия Республикасының премьер-министрi Режеп Ердоғанның құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
7. Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен бизнес-форум өткiзуге қажеттi залды, слайд-проекторды, компьютердi, iлеспе аудармаға арналған жабдықтарды, iлеспе аударма қызметтерiн, микрофондарды, құлақшаларды жалға алуға және кеңсе заттары мен минералдық су алуға ақы төлеу.
8. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.