2005 жылғы 1 - 2 маусымда Алматы қаласында Әлемдiк және дәстүрлi дiн көшбасшылары съезiнiң Хатшылығы үшінші отырысының (бұдан әрi - отырыс) өткiзiлуiне байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі:
1) отырысты өткiзуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен, оның iшiнде:
отырысқа қатысатын ресми делегациялардың мүшелерiнің 2005 жылғы 30 мамыр - 5 маусым кезеңiнде Алматы қаласында қонақ үйде тұруына;
ресми делегацияның мүшесi ағылшын шiркеуiнiң епископы К.Н.Бейнстің Лондон - Алматы - Лондон, ресми делегацияның мүшелерi әл-Азхар жанындағы ислам зерттеулер академиясы бас хатшысының орынбасары шейх Омар Исмаил Омар Салемнің және ислам iстерi жөнiндегi Жоғарғы кеңестегi вакуфтар министрiнің кеңесшiсi Мұхаммед Әбділғани Морси Шаманың Каир - Стамбул - Алматы - Стамбул - Каир бағыты бойынша көліктік шығыстарына 5576320 (бec миллион бес жүз жетпiс алты мың үш жүз жиырма) теңге сомасында қаражат бөлсiн;
2) отырысқа қатысатын ресми делегация мүшелерiне консулдық алымдар алмастан, белгiленген тәртіппен қажетті жол жүру құжаттарын ресiмдесiн.
Премьер-Министр