Азия қоғамының Халықаралық бизнес-конференциясына қатысатын делегациялар мүшелерінің қонақ үйде тұруы мен тамақтануына ақы төлеуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 11 маусымдағы N 159-ө Өкімі

      2005 жылғы 14-16 маусым кезеңінде Алматы қаласында Азия қоғамы Халықаралық бизнес-конференциясының (бұдан әрі - АҚХБК) өткізілуіне байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚХБК-ға қатысатын делегациялар мүшелерінің қонақ үйде тұруы мен мен тамақтануына ақы төлеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 12197682 (он екі миллион бір жүз тоқсан жеті мың алты жүз сексен екі) теңге сомасында қаражат бөлсін.

       Премьер-Министр 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады