1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық гольф федерациясының 2005 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында Алматы қаласында голъфтен "Kazakhstan Ореn" бiрiншi халықаралық турнирiн өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса беріліп отырған Гольфтен "Kazakhstan Ореn" бiрiншi халықаралық турнирiн (бұдан әрi - халықаралық турнир) дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Алматы қаласының әкімдігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық гольф федерациясымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, халықаралық турнирдi дайындау мен өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптiң сақталуын, ресми тұлғалар мен қатысушылар тұратын және халықаралық турнир өткiзілетін жерлерде олардың қауiпсiздiгін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық турнирге қатысушыларды медициналық қызметпен қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсiн.
6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi халықаралық турнирге қатысушыларға көлiктiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi халықаралық турнирге қатысушылар мен оның қонақтарының кедендiк рәсiмдерден өтуінің оңайлатылған тәртібін қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 21 маусымдағы
N 170-ө өкімімен
бекітілген
Гольфтен "Kazakhstan Ореn" бiрiншi халықаралық
турнирiн дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру
комитетiнің құрамы
Әбiқаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық гольф
Нұртай Әбiқайұлы федерациясының президентi (келiсiм
бойынша), төраға
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төрағаның
орынбасары
Тасмағамбетов - Алматы қаласының әкiмi, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Дәулет Болатұлы ақпарат және спорт министрлiгi Спорт
iстерi комитетінiң төрағасы
Бөкенов - Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi
Қайрат Ахмадиұлы орынбасары
Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы сақтау вице-министрi
Зверьков - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Вадим Павлович министрінің орынбасары
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович коммуникация бiрiншi вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқанбайұлы вице-министрi
Сұлтанғалиев - "Нұртау" гольф клубының президентi
Серік (келiсiм бойынша)
Тәжiбай - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Бақытбек Тәжiбайұлы ақпарат және спорт министрлiгiнiң
Спорт iстерi комитетi төрағасының
орынбасары