Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің терроризмге қарсы бөлімшелері басшы құрамының жиынын және "Каспий-Антитеррор-2005" бірлескен командалық-штаб жаттығуын (бұдан әрі - жиын) өткізуге байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 2005 жылғы 16-19 тамызда Ақтау қаласында қонақ үйде тұруға ақы төлеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 3606525 (үш миллион алты жүз алты мың бес жүз жиырма бес) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы