"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық аудит мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегi Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Заңның күшіне енген күнiнен бастап екi ай мерзiмде "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қарауына енгiзсiн және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің "Экологиялық аудиторларды аттестаттау бойынша біліктілік комиссиясының құрамын және жұмыс ережелерiн, сондай-ақ экологиялық аудиторларды аттестаттау ережесiн бекiту туралы" бұйрығы қабылдансын.
Премьер-Министр