Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің салық қызметтерi басшылары кеңестерi мәжілiстерiнiң (бұдан әрi - мәжiлiстер) өткiзiлуiне байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мәжiлiстерге қатысушылардың 2005 жылғы 13 - 17 қыркүйек кезеңiнде Астана қаласында қонақ үйлерде тұруына ақы төлеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 4661018 (төрт миллион алты жүз алпыс бiр мың он сегiз) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр