2005 жылғы 15 - 17 қыркүйекте Астана қаласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi мемлекетаралық кеңесiнiң төртiншi отырысын (бұдан әрi - ӨҚМК отырысы) дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгіне ӨҚМК отырысына қатысушылардың қонақ үйде тұруына 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1499000 (бip миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр