Мұнай өнiмдері нарығын тұрақтандырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 291-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының iшкi нарығын тұрақтандыру және мұнай өнiмдерiмен молайту, сондай-ақ мұнай өңдейтiн зауыттардың шикiзатпен толық жүктелуiн қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамымен бiрлесіп, мұнай өндейтін зауыттарды шикізатпен толық жүктеудi қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне күн сайын ақпарат берсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiмен бiрлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен мұнай өнiмдерін өндiрумен, сатумен және сақтаумен айналысатын нарық субъектiлерiн монополияға қарсы заңнаманы, оның iшiнде келiсiлген iс-қимылдарды (бағалық келiсудi) сақтау мәнiне тексерудi мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн тарта отырып, жұмыс топтарын құрумен, республиканың барлық өңiрлерiне шығып жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі өздерінің аумақтық бөлiмшелерi өкiлдерінің осы жұмысқа және мүдделi мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, ұлттық компаниялардан (келiсiм бойынша) қажетті ақпарат алуға қатысуын қамтамасыз етсін.

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аумақтық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау басқармаларының өкілдерін, сондай-ақ әкiмдiктердiң қызметкерлерiн тексеру жүргiзу кезеңiне Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестiктi қорғау комитетінiң қарамағына iссапарға жiберсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетi (келiсiм бойынша) белгiленген тәртiппен тиiстi тексерулердi жедел тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі апта сайын Қазақстан Республикасының Үкiметіне жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi мен қабылданған шаралар туралы ақпарат берсiн.

      7. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады