Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және 2005 жылғы 20-21 қазанда Астана қаласында Италия Республикасы Министрлер кеңесiнiң төрағасы Сильвио Берлусконидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi 2005 жылғы 20-21 қазанда Астана қаласында Италия Республикасы Министрлер кеңесінің төрағасы Сильвио Берлусконидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
қосымшаға сәйкес Италия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 006 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бюджеттiк бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкі iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Италия Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретін бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгіленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Италия Республикасы Министрлер кеңесiнiң төрағасы Сильвио Берлусконидiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
6. Астана қаласының әкiмi Италия Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу, баратын жерлерiнде бiрге жүру, сондай-ақ Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Италия Республикасы Министрлер кеңесiнiң төрағасы Сильвио Берлусконидi қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 14 қазандағы
N 292-ө өкiмiне қосымша
Италия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары
1. Италия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Окан Интерконтиненталь" қонақ үйiне 1+10 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь" қонақ үйiне орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Италия Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Италия Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Италия Республикасы Министрлер кеңесiнiң төрағасы Сильвио Берлусконидiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
7. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.