Грузияның премьер-министрi З.Ногаиделидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 326-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Грузия премьер-министрі Зураб Ногаиделидің 2005 жылғы 18-19 қарашада Астана қаласына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Грузия премьер-министрi Зураб Ногаиделидің 2005 жылғы 18-19 қарашада Астана қаласына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Грузия делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Грузия делегациясы мүшелерiнің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Грузия премьер-министрі Зураб Ногаиделидің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi Грузия делегациясын болатын орындарында қарсы алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана қаласының әуежайын безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Грузия премьер-министрi Зураб Ногаиделидi қарсы алу және шығарып салу рәсiміне қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Даниал Ахметовтiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнің iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң    
2005 жылғы 17 қарашадағы  
N 326-ө өкiмiне     
қосымша       

Грузия делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі
ұйымдастыру шаралары

      1. Грузия делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "RIXOS Президент" қонақ үйiне 1+8 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн Астана қаласындағы "RIXOS Президент" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Екi жақты келiссөздердi жүргiзу үшін залды жалға алу.
      4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      5. Грузия делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      6. Грузия делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Даниал Ахметовтің атынан Грузия премьер-министрi Зураб Ногаиделидiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      8. Делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады