Қазақстан Республикасында жеке тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына жағдай жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Омаров - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Қайсар Оспанұлы сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң төрағасы, жетекшi
Сизов - Қазақстан Республикасы Жер
Александр Павлович ресурстарын басқару агенттiгi
төрағасының бiрiншi орынбасары,
жетекшiнiң орынбасары
Смағұлов - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Сейiтжан Айтыбайұлы сауда министрлiгiнiң Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
iстерi комитетi тұрғын үй құрылысы
бөлiмiнiң бастығы, хатшы
Мамытбеков - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары
Асылжан Сарыбайұлы
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мәулен Амангелдiұлы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi
төрағасының орынбасары
Төрекелдиев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Болат Сбашұлы Министрiнiң Кеңсесi Өңiрлiк даму
бөлiмiнiң бас инспекторы
Әзiмова - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Эльвира Әбiлқасымқызы министрлiгi Заңға тәуелдi кесiмдер
департаментінің директоры
Ермекова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Несiпбала Әбдісағитқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Салалық органдардың шығыстарын
жоспарлау департаментiнiң директоры
Кәрiмова - Қазақстан Республикасы Статистика
Зағира Ахатқызы агенттiгi Статистикалық өндiрiс
департаментінiң директоры
2. Жұмыс тобы 2005 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасында жеке тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына жағдай жасау жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi белгiленген тәртiппен 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн жұмыс тобына мынадай деректердi көрсете отырып, жеке тұрғын үй құрылысын жандандыру жөнiнде ұсыныстар берсiн:
2005 жылдың басынан бастап жеке тұрғын үй салуға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға басым құқығы бар халыққа:
1) балалары бар жас отбасыларға;
2) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен мекемелер қызметкерлерiне;
3) әлеуметтiк саланың мемлекеттiк кәсiпорындарының қызметкерлерiне жер телiмдерiн бөлуге берiлген өтiнiштердiң саны;
ағымдағы жылы жеке тұрғын үй салуға, оның iшiнде азаматтардың көрсетiлген санатына бөлiнген жер телiмдерiнiң саны;
салына бастаған жеке тұрғын үй, оның iшiнде азаматтардың көрсетiлген санатының саны;
жеке тұрғын үй құрылысы аумағының инженерлiк желiлермен қамтамасыз етiлуi.
Премьер-Министр