Нидерланд Корольдiгiнiң Сыртқы iстер министрi Бернард Рудольф Боттың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 117-ө Өкімі

      2006 жылғы 3 - 6 мамырда Астана және Алматы қалаларында өтетiн Нидерланд Корольдігiнiң Сыртқы iстер министрi Бернард Рудольф Боттың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
      сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      ресми делегация мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қаражат бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгін, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Нидерланд Корольдiгiнiң Сыртқы iстер министрi Бернард Рудольф Боттың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi ресми делегацияны қарсы алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайларын безендiру, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
      6. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады