Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң iшкi iстер министрлiктерi (полиция) қылмыстық iздестiру аппараттарының басшылары кеңесiнiң алтыншы мәжiлiсiне қатысушылардың қонақ үйде тұруына ақы төлеуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 1 маусымдағы N 150-ө Өкімі

      2006 жылғы 7 - 9 маусым кезеңiнде Астана қаласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң iшкi iстер министрлiктерi (полиция) қылмыстық iздестiру аппараттарының басшылары кеңесiнiң алтыншы мәжiлiсiнiң (бұдан әрi - мәжiлiс) өткiзiлуiне байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi мәжiлiске қатысатын делегациялар мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына ақы төлеуге 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1152000 (бiр миллион бiр жүз елу екi мың) теңге сомасында қаражат бөлсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады