Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi Жоғары деңгейдегi топтың кезектi мәжiлiсiн дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 155-ө Өкімі

      2006 жылғы 9-10 маусымда Алматы қаласында өтетiн Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Украинаның Бiртұтас экономикалық кеңiстiгiн құру жөнiндегi Жоғары деңгейдегi топтың кезектi мәжiлiсiн (бұдан әрi - ЖДТ мәжiлiсi) дайындау және өткiзу мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ЖДТ мәжiлiсiне қатысушылардың қонақ үйде тұруына ақы төлеуге 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1350270 (бiр миллион үш жүз елу мың екi жүз жетпiс) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина делегацияларының (бұдан әрi - делегациялар) арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Алматы қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын, Алматы қаласының әуежайында ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi делегациялар мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      4. Алматы қаласының әкiмi делегацияларды қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн, Алматы қаласында көлiкпен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ ЖДТ мәжiлiсi өтетiн кезеңге Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратындағы екi мәжiлiс залын берсiн және мәдени бағдарламаны ұйымдастырсын.

       Премьер-Министр

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады