2006 жылғы 28-30 маусымда Алматы қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердiң аға лауазымды тұлғаларының отырысын және қоршаған орта министрлерiнiң үшiншi мәжiлiсiн дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 173-ө Өкімі

      2006 жылғы 28 - 30 маусымда Алматы қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрi - ЭЫҰ) мүше елдердiң аға лауазымды тұлғаларының отырысын және қоршаған орта министрлерiнiң үшiншi мәжiлiсiн тиiмдi дайындауды және өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса берiлiп отырған 2006 жылғы 28 - 30 маусымда Алматы қаласында ЭЫҰ-ға мүше елдердiң аға лауазымды тұлғаларының отырысын және қоршаған орта министрлерiнiң үшiншi мәжiлiсiн дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне ЭЫҰ ресми делегациялары мүшелерiнiң және Хатшылығы қызметкерлерiнiң "Анкара" қонақ үйiнде тұруына және оларды тамақтандыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 5694600 (бес миллион алты жүз тоқсан төрт мың алты жүз) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2006 жылғы 27 маусымдағы
                                                 N 173-ө өкімімен
                                                   бекітілген

         2006 жылғы 28 - 30 маусымда Алматы қаласында
    Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің аға
     лауазымды тұлғаларының отырысын және қоршаған орта
    министрлерінің үшінші мәжілісін дайындау және өткізу
                жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Іс-шаралар үшін жауаптылар

1

2

3

4

1.

Алматы қаласы әуежайының VІР залы арқылы ресми делегацияларды, бірге жүретін адамдарды, ЭЫҰ
Хатшылығының қызметкерлерін және халықаралық ұйымдардың шақырылған өкілдерін қарсы алуды және шығарып салуды ұйымдастыру, визалық қолдауды ресімдеу

2006 жылғы
26 маусым - 1 шілде

Сыртқы істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі

2.

Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуге рұқсат беру

2006 жылғы
26 маусым - 1 шілде

Көлік және
коммуникация министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті

3.

Арнайы ұшақтардың тұрағын, оларға қызмет көрсетуді және жанармай құюды қамтамасыз ету

2006 жылғы
26 маусым - 1 шілде

Көлік және
коммуникация министрлігі

4.

Алматы қаласының әуежайын, делегациялар орналасатын және отырыстар өткізілетін орындарды мүше елдердің мемлекеттік туларымен және ЭЫҰ туымен, ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі құттықтау транспаранттарымен безендіру

2006 жылғы
26 маусым - 1 шілде

Алматы қаласының әкімдігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

5.

Құқық қорғау органдарының өкілдерін қатыстыра
отырып, штаб құру (күзет, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бірге жүру)

2006 жылғы
26 маусым - 1 шілде

Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті

6.

Делегация күзетіне арналған арнайы рұқсаттамаларды жасау (автокөлік, бэйдждер)

2006 жылғы
27 маусым

Ішкі істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

7.

Делегациялар орналасатын орында күзетті қамтамасыз ету қызметі үшін штабтық үй-жайларды
жабдықтау

2006 жылғы
29 маусым - 1 шілде

Ішкі істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

8.

Делегацияларға, ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлеріне және халықаралық ұйымдардың шақырылған басшыларына көліктік қызмет көрсету

2006 жылғы
26 маусым - 1 шілде

Сыртқы істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,
Алматы қаласының әкімдігі

9.

Делегацияларды және
ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлерін қонақ үйге орналастыруды ұйымдастыру

2006 жылғы
26-30 маусым

Сыртқы істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

10.

Ресми делегация мүшелерін және ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлерін тамақтандыруды ұйымдастыру

2006 жылғы
26 маусым - 1 шілде

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

11.

ЭЫҰ Хатшыларының, қызметкерлеріне арналған екі штабтық бөлмені, баспасөз орталығына
және делегациялар өкілдеріне арналған
бөлмені қамтамасыз ету (ұйымдастыру техникасымен, ксерокспен, телефон және факсимильді халықаралық байланыспен, Интернетпен, кеңсе тауарларымен, қағазбен жарақтандыру)

2006 жылғы
26 маусым

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,
Сыртқы істер министрлігі

12.

Қонақ үй ғимаратында отырыстар өткізу үшін ретімен отырғызу және залды техникалық безендіру (мемлекеттік тулар және ЭЫҰ туы, үстел
үстіне қойылатын табличкалар, мүше елдердің және ЭЫҰ жалаушалары, гүлдер, микрофондар,
наушниктер, ілеспе аудармашыларға арналған кабиналар)

2006 жылғы
26-30 маусым

Сыртқы істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

13.

Ілеспе және дәйекті
аударманы қамтамасыз ету

2006 жылғы
28-30 маусым

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

14.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (анонс, аккредиттеу, баспасөз орталығын ұйымдастыру және жабдықтау)

2006 жылғы
26 маусым - 1 шілде

Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

15.

ЭЫҰ-ға мүше елдердің қоршаған орта министрлерінің
үшінші мәжілісін жария етуді қамтамасыз ету

2006 жылғы
1 шілде
26  маусым

Мәдениет және ақпарат министрлігі,
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

16.

ЭЫҰ-ға мүше елдердің қоршаған орта министрлерінің
үшінші мәжілісіне келген делегация басшыларын жалпы суретке түсіру

2006 жылғы
30 маусым

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

17.

Екі жақты кездесулер өткізілетін орындарды анықтау және дайындау (үстел үстіне қойылатын табличкалар, жалаушалар, кеңсе тауарлары)

2006 жылғы
30 маусым

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

18.

ЭЫҰ-ға мүше елдердің делегациялары, ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлері және халықаралық ұйымдардың шақырылған өкілдері
үшін мәдени бағдарлама дайындау
және өткізу (Алматы
қаласы бойынша экскурсия, Медеуге,
Шымбұлаққа және мұражайға бару)

2006 жылғы
29 - 30 маусым

Алматы қаласының әкімдігі, Сыртқы істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

19.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің атынан ЭЫҰ-ға мүше елдердің қоршаған орта министрлерінің
үшінші мәжілісіне қатысушылардың құрметіне ресми қабылдауды ұйымдастыру (қабылдауды өткізу орнын анықтау және безендіру, күзет іс-шаралары, ас мәзірін, концерттік
бағдарлама дайындау)

2006 жылғы
30 маусым

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,
Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Республикалық ұлан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады