Қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған заңнамалық жұмысты және іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында демократиялық реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға арналған іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар 2006 жылғы 1 қарашаға қарай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2006 жылғы 10 қарашаға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылуы туралы қорытынды ақпарат ұсынсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
N 218-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасында демократиялық реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылға арналған
іс-қимыл жоспары
N |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру |
||||
1. |
Мыналарды:
|
Заңдардың жобалары |
Әділетмині |
Заң жобалау жұмыстары жоспарының 20-тармағына сәйкес |
2. |
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды қолдаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және қабылдау |
Жарлық жобасы |
ЭБЖМ |
Желілік кестенің 155-тармағына сәйкес |
Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау |
||||
3. |
"Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы"» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау |
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды өткізу |
ОСК, облыстардың әкімдері |
Қазан |
4. |
Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін сайлауды өткізуді ұйымдық, материалдық-техникалык және қаржылық қамтамасыз етуді талдауды өткізу |
Үкіметке ақпарат |
ОСК, облыстардың әкімдері |
Қараша |
Азаматтық қоғам институттарын нығайту және дамыту |
||||
5. |
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау |
Үкімет қаулысының жобасы |
МАМ, Әділетмині, ЭБЖМ, БҒМ, ДСМ, Қоршағанортамині, Еңбекмині, АШМ, ОІГСҰК, АҚҰО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Тамыз |
6. |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"»Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау |
Үкімет қаулыларының жобалары |
МАМ |
Қыркүйек |
7. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Республикалық бюджет комиссиясының қарауы үшін меценаттық және қайырымдылық қызмет мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу |
Әділетминіне және ЭБЖМ-ге ұсыныстар |
МАМ |
Қыркүйек |
Өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейту |
||||
8. |
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасының Заңына жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Үкіметке ұсыныстар |
Әділетмині |
Қараша |
9. |
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітуге өтінімдерді қарау кезінде көпшілік тыңдауларға өкілді органдардың қатысуына байланысты ұсыныстар енгізу |
Үкіметке ұсыныстар |
ТМРА |
Тамыз |
10. |
"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы"»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және»Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Парламенттегі депутаттық фракциялар мен топтардың өкілеттіктерін нығайтуға және кеңейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Үкіметке ұсыныстар |
Әділетмині |
Қазан |
Әділ сот және құқық қорғау органдарының жүйесін жетілдіру |
||||
11. |
Тұтқындауды сотпен санкциялау институтын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Үкіметке ұсыныстар |
Әділетмині, БП, ЖС |
Қазан |
12. |
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу |
Заң жобасы |
БП |
Желілік кестенің 151-тармағына сәйкес |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттiгi
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
IIМ - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
MAM - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлiгi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
OCK - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ОIГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы
iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссия
АҚҰО - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық
Заң жобалау - "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау
жұмыстарының жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары туралы"
жоспары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы
9 ақпандағы N 94
қаулысы
Желiлiк кесте - "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1
наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру
жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 - 2008
жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк
кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
2006 жылғы 31 наурыздағы N 222
қаулысы