Корей Республикасының Премьер-Министрi Хан Мен Суктың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі N 273-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту, 2006 жылғы 21 - 24 қыркүйек кезеңiнде Астана және Алматы қалаларында Корей Республикасының Премьер-Министрi Хан Мен Суктың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Корей Республикасының Премьер-Министрi Хан Мен Суктың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы: 
      қосымшаға сәйкес Корей Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды Астана және Алматы қалаларында өткiзуге (Алматы қаласында бизнес форум өткiзу) арналған шығыстарды қаржыландыруды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Корей Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Корей Республикасының Премьер-Министрi Хан Мен Суктың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.
      6. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Корей Республикасының ресми делегациясын баратын жерлерде қарсы алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Астана және Алматы қалаларының әуежайларында және "Ақорда" Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясында Корей Республикасының Премьер-Министрi Хан Мен Сукты қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын.
      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
2006 жылғы 19 қыркүйектегі
N 273-ө өкіміне қосымша 

Корей Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Корей Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Риксос Президент Отель" қонақ үйiнде және Алматы қаласындағы "Анкара" қонақ үйiнде 1+10 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Риксос Президент Отель" және "Анкара" қонақ үйлерiнде орналастыру.
      3. Баспа өнiмiн (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Корей Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Корей Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Даниал Кенжетайұлы Ахметовтiң атынан Корей Республикасының Премьер-Министрi Хан Мен Суктың құрметiне Астана қаласында ресми қабылдауды ұйымдастыру.
      7. Iс-шаралар өткiзiлетiн орындарды гүлмен безендiрудi ұйымдастыру.
      8. Алматы қаласында бизнес форумды қаржыландыру, оның iшiнде: "Hyatt Regency" қонақ үйiнiң залын жалға алу, бiр LCD проекторы мен экранын жалға алу, 80 адамға iлеспе аударма жүйесiн жалға алу, кофе брейк пен 80 адамға түскi ас.
      9. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады