Қазақстан экономикасының "қызып кету" себептерiн талдау және оны еңсеру бойынша шаралар кешенiн әзiрлеу жөнiнде жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 274-ө Өкімі

      Қазақстан экономикасының "қызып кету" себептерiне талдау жүргiзу және оны еңсеру жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы             Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

Сұлтанов                   - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы            бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің
                             орынбасары

Мырзабеков                 - "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер
Жанат Ғайноллаұлы            орталығы" акционерлік қоғамы
                             Стратегиялық талдау департаментінің
                             директоры (келісім бойынша)

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы             бюджеттiк жоспарлау вице-министрi, хатшы

Үртембаев                  - Қазақстан қаржыгерлері
Асқар Қалмұхаметұлы          қауымдастығының басқарушы директоры,
                             Заң департаментінің директоры
                             (келісім бойынша)

Сәбден                     - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Оразалы Сәбденұлы            министрлiгiнiң Ғылым комитетi
                             "Экономика институты" республикалық
                             мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
                             директоры

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы        коммуникация министрі

Әбдіқалықова               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы            халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жәмішев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Бахмутова                  - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
Елена Леонидовна             және қаржы ұйымдарын реттеу мен
                             қадағалау агенттігінің төрайымы (келісім
                             бойынша)

Алдабергенов               - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы            монополияларды реттеу агенттігінің
                             төрағасы

Марченко                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович       Төрағасы (келісім бойынша)

Қожахметов                 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Жанат Мұратұлы               қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                             агенттік) төрағасының орынбасары

Раев                       - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Нұрбек Қалиақпарұлы          сауда вице-министрі

Оразаев                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Әбілахатұлы            шаруашылығы вице-министрі

Мағауов                    - Қазақстан Республикасының Энергетика
Әсет Маратұлы                және минералдық ресурстар вице-министрі
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 224, 2007.10.15. N 948, 2009.10.29 N 1703 Қаулыларымен.
      2. Жұмыс тобы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақстан экономикасының "қызып кету" себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.
      3. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке жүктелсiн.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1703 Қаулысымен.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады