Ресей Федерациясының Yкiметi Төрағасының Бiрiншi орынбасары Д.А. Медведевтiң Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 278-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2006 жылғы 22 - 24 қыркүйекте Астана және Алматы қалаларында Ресей Федерациясының Үкiметi Төрағасының Бiрiншi орынбасары Дмитрий Анатольевич Медведевтiң Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi: 
      қосымшаға сәйкес сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      қонақ үйде тұруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1620000 (бiр миллион алты жүз жиырма мың) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы:
      Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде жәрдем көрсетсiн;
      003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі әуежайда, тұратын және болатын орындарында Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясы Үкiметi Төрағасының Бiрiншi орынбасарының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және ұшып шығуын қамтамасыз етсiн;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Ресей Федерациясының делегациясы болатын жерлерде күтiп алу және шығарып салу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын орындауды қамтамасыз етсiн.

      6. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

 

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрiнiң    
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
N 278-ө өкiмiне     
қосымша     

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шаралары

      1. Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiн Астана және Алматы қалаларында орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Ресей Федерациясы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -  Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi К.Қ. Мәсiмовтiң атынан қабылдауды ұйымдастыру.
      4. Ресей Федерациясының делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады