Гольфтен "Kazakhstan Ореn" екiншi халықаралық турнирiн өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі N 284-ө Өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2006 жылғы 28 қыркүйек - 1 қазан кезеңiнде Алматы қаласында гольфтен "Kazakhstan Open" екiншi халықаралық турнир өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қоса берiлiп отырған гольфтен "Kazakhstan Open" екiншi халықаралық турнирiн (бұдан әрi - халықаралық турнир) дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Алматы қаласының әкiмдiгiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық гольф федерациясымен бiрлесе отырып, халықаралық турнирдi дайындау мен өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi шетелдiк азаматтарға - турнирге қатысушылар мен қонақтарға өтiнiш жасаған орындары бойынша визалық қолдау көрсетсiн және виза берудi жүргiзсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi халықаралық турнирге қатысушылар мен оның қонақтарының кедендiк рәсiмдерден өтуiнiң оңайлатылған тәртiбiн қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптiң сақталуын, ресми тұлғалар мен халықаралық турнирге қатысушылар тұратын, жарыстар өтетiн орындарда олардың қауiпсiздiгiн, халықаралық турнирге қатысушы шетелдiк азаматтардың Алматы қаласының қонақ үйлерiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi халықаралық турнирге қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуге жәрдем көрсетсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi халықаралық турнирдің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрiнiң    
2006 жылғы 27 қыркүйектегi 
N 284-ө өкiмiмен     
бекiтiлген   

Гольфтен "Kazakhstan Open" екiншi халықаралық турнирiн дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы

Әбiқаев                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық гольф
Нұртай Әбiқайұлы           федерациясының президентi, төраға

Досмұхамбетов            - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темiрхан Мыңайдарұлы       спорт министрi, төрағаның орынбасары

Тасмағамбетов            - Алматы қаласының әкiмi, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы        орынбасары

Жошыбаев                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Рәпiл Сеиiтханұлы          министрiнiң орынбасары

Ақанов                   - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Айқан Ақанұлы              сақтау вице-министрi

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Азат Ғаббасұлы             коммуникация вице-министрi

Шпекбаев                 - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы          вице-министрi

Құлназаров               - Қазақстан Республикасы Туризм және
Анатолий Қожекенұлы        спорт министрлiгi Спорт комитетiнiң
                           төрағасы

Бөкенов                  - Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi
Қайрат Ақмәдиұлы           орынбасары

Сұлтанғалиев             - "Нұртау" гольф-клубының президентi
Серiк Сұлтанғалиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады