"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қазандағы N 300-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
      2. Мемлекеттiк органдар:
      1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2006 жылғы 20 қазандағы
N 300-ө өкімімен  
бекітілген  

     "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
     жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша
     өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан
   Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру
       мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
                   кесімдердің тізбесі

р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Кесімнің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ

2006 жылғы қараша

2

Жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмылдыру дайындығын бағалау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ

2006 жылғы қараша

3

Жұмылдыру туралы хабарлау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ

2006 жылғы қараша

4

Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарымен белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын ұйымдардың орындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ

2006 жылғы қараша

5

Ұйымдардың банкроттығы, жойылуы, қайта ұйымдастырылуы және жұмыс бейінін өзгертуі кезінде жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын) алу, беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ

2006 жылғы қараша

6

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қыркүйектегі N 988-47қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ

2006 жылғы қараша

7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 тамыздағы N 858-38қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ

2006 жылғы қараша

8

Қазақстан Республикасының халқын соғыс уақытында жабдықтау нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), ДСМ, ТЖМ, Еңбекмині

2007 жылғы ақпан

9

Соғыс уақытында тамақтандыру мен сауданы ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), ДСМ, ТЖМ, Еңбекмині

2006 жылғы қараша

10

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ЭБЖМ

2006 жылғы қараша

11

Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды қалыптастыру, жинақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ЭБЖМ

2006 жылғы қараша

12

Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге шығындарды өтеудің, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, рынокқа реттейтін ықпал жасау және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ЭБЖМ

2006 жылғы қараша

13

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы

Бұйрық

ТЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ЭБЖМ

2006 жылғы қараша

     Ескертпе:
ЭБЖМ           - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                 жоспарлау министрлігі
ИСМ            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                 министрлігі
ТЖМ            - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                 министрлігі
Қорғанысмині   - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ДСМ            - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині      - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                 әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады