Египет Араб Республикасының Президентi X.Мүбәрактың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 қарашадағы N 315-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2006 жылғы 7-9 қарашада Астана және Алматы қалаларында Египет Араб Республикасының Президентi Х.Мүбәрактың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi 2006 жылғы 7-9 қарашада Астана және Алматы қалаларында Египет Араб Республикасының Президентi Х.Мүбәрактың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Египет Араб Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      Астана және Алматы қалаларында сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Египет Араб Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Египет Араб Республикасының Президентi Х.Мүбәрактың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi:
      сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi;
      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың атынан Египет Араб Республикасының Президентi X.Мүбәрактың құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау кезiнде концерттiк бағдарламаны;
      Қазақстан Республикасы өнер шеберлерiнiң қатысуымен концерттi қамтамасыз етсiн.

      6. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Египет Араб Республикасының ресми делегациясын баратын жерлерiнде қарсы алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      7. Алматы қаласының әкiмi Египет Араб Республикасының Президентi Х.Мүбәрактың құрметiне қабылдау ұйымдастырсын.

      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Астана және Алматы қалаларының әуежайларында және "Ақорда" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында Египет Араб Республикасының Президентi Х. Мүбәракты қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын.

      9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2006 жылғы 4 қарашадағы 
N 315-ө өкiмiне    
қосымша    

Египет Араб Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Египет Араб Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (1+1+10 форматы бойынша) Астана қаласының "Риксос Президент Отель" қонақ үйiне, Алматы қаласының "Риджент Алматы" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Риксос Президент Отель" және "Риджент Алматы" қонақ үйлерiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмiн (бағдарлама кiтапшалары, бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Египет Араб Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Египет Араб Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың атынан Египет Араб Республикасының Президентi Х.Мүбәрактың құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Iс-шаралар өтетiн орындарды гүлмен безендiрудi ұйымдастыру.
      8. Ресми делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады