Украинаның Премьер-Министрi В.Ф. Януковичтiң Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 356-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және Украинаның Премьер-Министрi Виктор Федорович Януковичтiң Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрi - сапар) 2006 жылғы 13-14 желтоқсанда Астана қаласында дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Украина делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Украина делегациясы мүшелерiнiң Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгiмен бiрлесiп, Украинаның Премьер-Министрi В.Ф. Януковичтiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К.Ахметовтiң атынан түскi ас кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының әкiмi Украина делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бiрге жүрудi, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Украинаның Премьер-Министрi В.Ф. Януковичтiң Астана қаласындағы "Отан қорғаушылар" монументiне гүл қою салтанатты рәсiмiне қатыссын.
      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
N 356-ө өкiмiне    
      қосымша    

Украина делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Украина делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Риксос Президент Отель" қонақ үйiне 1+5 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Риксос Президент Отель" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Украина делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Украина делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде гүлмен безендiрудi ұйымдастыру.
      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К. Ахметовтiң атынан Украинаның Премьер-Министрi В.Ф. Януковичтiң құрметiне Астана қаласында түскi ас ұйымдастыру.
      8. Делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады