Грузияның Президентi M.Саакашвилидiң Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақсан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 41-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2007 жылғы 5-6 наурызда Грузия Президентi M.Саакашвилидiң Астана қаласына жұмыс сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Грузия делегациясының мүшелерiне "1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткiзуге арналған шығыстарды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Грузия делегациясы мүшелерiнiң Астана және Алматы қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Грузия Президентi M.Саакашвилидiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн, грузин делегациясының Қазақ ұлттық музыка академиясына баруын қамтамасыз етсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың атынан жұмыс бабындағы таңертеңгiлiк ас кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi грузия делегациясының "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына баруын ұйымдастырсын.

      7. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Грузия делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, болатын орындарында бiрге жүрудi, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы грузия делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.

      9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2007 жылғы 2 наурыздағы 
N 41-ө өкiмiне    
қосымша    

       Грузия делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Грузин делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Риксос Президент" қонақ үйiне "1+5" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн Астана қаласындағы "Риксос Президент" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Грузия делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Грузин делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Iс-шаралар өткiзiлетiн жерлердi гүлмен безендiру.
      7. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың атынан Грузия Президентi M.Саакашвилидiң құрметiне Астана қаласында жұмыс бабындағы таңертеңгiлiк ас және Грузияның Президентi M.Саакашвилидiң жұбайының құрметiне түскi ас ұйымдастыру.
      8. Делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады