"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы
Заңын
iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2007 жылғы 30 наурызға дейiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулысының жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
2) "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу ережесiн бекiту туралы" ведомстволық нормативтiк құқықтық акт әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат берсін.
Премьер-Министр