Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының техникалық миссиясымен кездесу өткізуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 63-ө Өкімі

      2007 жылғы 16 - 21 сәуірде Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (бұдан әрі - АТМЭӘК) техникалық миссиясымен АТМЭӘК-тің 63-сессиясын ұйымдастыру мәселелері бойынша кездесуді ұйымдастыру мақсатында:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АТМЭӘК-тің техникалық миссиясы мүшелерінің қонақ үйде тұруына, көліктік шығындарына ақы төлеуге 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006»"Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 3697230 (үш миллион алты жүз тоқсан жеті мың екі жүз отыз) теңге сомасында қаражат бөлсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады