Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, 2007 жылғы 13-15 тамыз кезеңінде Монғолия Президенті Н.Энхбаярдың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамсыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
қосымшаға сәйкес Монғолияның ресми делегация мүшелеріне "1+1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Монғолияның ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Монғолияның Президенті Н.Энхбаярдың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
6. Астана қаласының әкімдігі Монғолияның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу мен шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында монғол делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.
8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 221-ө өкіміне
қосымша
Монғолияның Президенті Намбарын Энхбаярдың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Монғолия ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша), бірге жүретін адамдарды Астана қаласының "Rixos Prezident Astana" қонақ үйіне орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының "Rixos Prezident Astana" қонақ үйіне орналастыру.
3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, ресми қонақасына шақырулар) дайындау.
4. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Монғолияның ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Іс-шаралар өткізетін орындарды гүлмен безендіру.
7. Қазақтан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Монғолияның Президенті Н.Энхбаярдың құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.
8. Монғолия ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.