Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы Р.Продидің Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 281-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Продидің 2007 жылғы 7 - 9 қазан кезеңінде Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Италия Республикасы делегациясының мүшелеріне "1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру іс-шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Италия Республикасының делегациясы мүшелерінің Астана және Атырау қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Продидің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Атырау қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана және Атырау қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми түскі қонақасы кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының және Атырау облысының әкімдері Италия Республикасының делегациясын Астана қаласының және Атырау облысының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында итальян делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2007 жылғы 1 қазандағы
N 281-ө өкіміне 
қосымша     

Италия Республикасы делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету  жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Италия Республикасы делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Рэдиссон" қонақ үйіне "1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
       2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы "Рэдиссон" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Италия Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Италия Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізілетін жерлерді гүлмен безендіру.
      7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Продидің құрметіне Астана қаласында ресми кешкі қонақасы ұйымдастыру.
      8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады