2007 жылғы 29-30 қазанда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В.Лавровтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 319-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, 2007 жылғы 29-30 қазанда Астана қаласына Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавровтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қосымшаға сәйкес сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавровтың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжиннің атынан Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавровтың құрметіне ресми қабылдау уақытында концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Астана қаласының әкімдігі Ресей Федерациясының делегациясын қарсы алу және шығарып салу іс-шараларының орындалуын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіруді, Ресей Федерациясы делегациясының болатын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) гүлдесте қою рәсіміне қатыссын.

      7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2007 жылғы 29 қазандағы
N 319-ө өкіміне 
қосымша      

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерін (1+10) Астана қаласының»"Интерконтиненталь" қонақ үйінде орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету, сондай-ақ бірге жүретін адамдарды орналастыруға және көліктік қызмет көрсетуге жәрдем көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының»"Интерконтиненталь" қонақүйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Ресей Федерациясы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ресей Федерациясының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарда гүлмен безендіру.
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі М.М.Тәжиннің атынан Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В.Лавровтың құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады