Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 127-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның 2008 жылғы 13 - 15 мамырдағы Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Біріккен Араб Әмірліктері ресми делегациясының мүшелеріне "1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми делегациясы мүшелерінің Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша жол полициясының автомашиналарымен бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана, Алматы қалаларының және Ақмола облысының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана, Алматы қалаларының және Ақмола облысының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.

      6. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми делегациясын Астана мен Алматы қалаларының және Ақмола облысының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.

      7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2008 жылғы 13 мамырдағы
N№127-ө өкіміне    
қосымша        

  Біріккен Араб Әмірліктері ресми делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніңдегі ұйымдастыру шаралары

      1. Біріккен Араб Әмірліктері ресми делегациясының мүшелерін Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысындағы қонақ үйлерге "1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысындағы қонақ үйлерге орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Біріккен Араб Әмірліктері ресми делегациясының басшысы мен  мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.

      5. Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми делегациясын Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде VIP залдары арқылы өтуін ұйымдастыру және шай дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.

      7. Қазақстан Республикасы басшылығының атынан Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас Қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның құрметіне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.

      8. Біріккен Араб Әмірліктері ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады