Ресей Федерациясынын Президенті Д.А.Медведевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 137-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, 2008 жылғы 21-23 мамыр кезеңінде Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Анатольевич Медведевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелеріне "1+12" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайда, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп,   Ресей Федерациясының Президенті Д.А.Медведевтің арнайы ұшағының   Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің құрметіне ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Астана қаласының әкімдігі Ресей Федерациясының делегациясын қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіру, Ресей Федерациясы делегациясының болатын орындарында бірге жүру сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы Астана қаласының әуежайында Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевті күтіп алу мен шығарып салу рәсіміне қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2008 жылғы 20 мамырдағы 
N 137-ө өкіміне    
қосымша        

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерін "1+12" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету, сондай-ақ бірге жүретін адамдарды Астана қаласының қонақ үйінде орналастыруға және көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласының қонақ үйіне орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.

      5. Ресей Федерациясының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.

      8. Ресми делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады