Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Жан-Клод Юнкердің 2008 жылғы 25 - 28 маусымда Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
қосымшаға сәйкес Люксембург Ұлы Герцогтігі делегациясының мүшелеріне "1 + 10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Люксембург Ұлы Герцогтігінің делегациясы мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ж.-К. Юнкердің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми түскі қонақасы кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
6. Алматы қаласының әкімі Алматы қаласында ресми түскі қонақасын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
7. Астана және Алматы қалаларының әкімдері Люксембург Ұлы Герцогтігінің делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Люксембург Ұлы Герцогтігінің делегациясын қарсы алу/шығарып салуға қатыссын.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 24 маусымдағы
N 174-ө өкіміне
қосымша
Люксембург Ұлы Герцогтігі делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Люксембург Ұлы Герцогтігі делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Риксос Президент Отель" қонақүйіне, Алматы қаласындағы "Хаятт Редженси" қонақүйіне "1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы "Риксос Президент Отель" қонақүйіне және Алматы қаласындағы "Хаятт Редженси" қонақүйіне орналастыру.
3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Люксембург Ұлы Герцогтігі делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Люксембург Ұлы Герцогтігінің делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Іс-шаралар өткізілетін жерлерде гүлмен көркемдеу.
7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің атынан Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Жан-Клод Юнкердің құрметіне Астана қаласында ресми түскі қонақасы ұйымдастыру.
8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.