Мемлекеттер басшыларының бейресми саммитін дайындау мен өткізуді және олардың 2008 жылғы 5-6 шілде кезеңінде Астана қаласының 10 жылдық мерейтойын мерекелеуге қатысуын жүзеге асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдік мемлекеттер басшыларының бейресми Саммитке және Астана қаласының 10 жылдық мерейтойын мерекелеуге қатысуы жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
1) 1-қосымшаға сәйкес Армения Республикасының, Әзірбайжан Республикасының, Беларусь Республикасының, Грузияның, Иордан Хашимит Корольдігінің, Қырғыз Республикасының, Молдованың, Өзбекстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Түркия Республикасының, Түрікменстанның, Украинаның ресми делегацияларының (бұдан әрі - ресми делегациялар) басшылары мен мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) Мемлекеттер басшыларының бейресми саммитін дайындау мен өткізуге және олардың 2008 жылғы 5-6 шілде кезеңінде Астана қаласының 10 жылдық мерейтойын мерекелеуге қатысуына арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету", 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, ресми делегациялардың арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
2) ресми делегациялардың арнайы ұшақтарына Астана қаласының әуежайында техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан қабылдау кезінде концерттік бағдарлама өткізуді қамтамасыз етсін.
6. Астана қаласының әкімі ресми делегацияларды қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы ресми делегациялардың басшыларын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу рәсіміне қатыссын.
8. Ресми делегацияларға қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында оларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының министрліктері бекітілсін.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 4 шілдедегі
N 180-ө өкіміне
1-қосымша
Мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне және 2008 жылғы
5-6 шілде кезеңінде Астана қаласының 10 жылдық мерейтойын
мерекелеуге қатысатын ресми делегациялардың басшылары мен
мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне және 2008 жылғы 5-6 шілде кезеңінде Астана қаласының 10 жылдық мерейтойын мерекелеуге қатысатын ресми делегациялар мүшелерін Астана қаласының "Интерконтиненталь", "Риксос-Президент", "Рэдиссон-САС" отельдеріне және қонақтар резиденцияларына 1+3 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Ресми делегациялар басшыларының орналасқан орындарына Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін орналастыру.
3. Ілеспе аударма үшін залдарды, жабдықтарды жалға алу және гүлдермен безендіруге, кеңсе тауарларына, минералды суға, кофе-брейкке және Мемлекеттер басшыларының бейресми саммитін өткізу, екі жақты кездесулерді өткізу үшін қажетті басқа да шығыстарға ақы төлеу.
4. Баспа өнімдерін (баннерлер, папкілер, қаламдар, кеудеге тағатын белгілер, бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақыру билеттері) дайындауға ақы төлеу.
6. Астана қаласы әуежайының VІР залдарында делегацияларды қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастырып, ресми делегацияларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
7. Мемлекеттер басшыларының құрметіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан қабылдау ұйымдастыру.
8. Ресми делегациялар басшыларының құрметіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан таңертеңгілік дәм ұйымдастыру.
9. Делегациялардың мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 4 шілдедегі
N 180-ө өкіміне
2-қосымша
Мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне және 2008 жылғы
5-6 шілде кезеңінде Астана қаласының 10 жылдық мерейтойын
мерекелеуге қатысатын ресми делегациялардың басшыларына
Қазақстан Республикасының министрліктерін бекіту
Р/с
|
Делегация |
Бекітілген министрліктер |
1 |
2 |
3 |
1. |
Армения Республикасы |
Қазақстан Республикасы Экономика
|
2. |
Әзірбайжан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Ауыл
|
3. |
Беларусь Республикасы |
Қазақстан Республикасы Төтенше
|
4. |
Грузия |
Қазақстан Республикасы Көлік
|
5. |
Иордан Хашимит
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
|
6. |
Қырғыз Республикасы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық
|
7. |
Молдова |
Қазақстан Республикасы Еңбек
|
8. |
Өзбекстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Туризм
|
9. |
Ресей Федерациясы |
Қазақстан Республикасы Индустрия
|
10. |
Тәжікстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Қоршаған
|
11. |
Түркия Республикасы |
Қазақстан Республикасы Білім және
|
12. |
Түрікменстан |
Қазақстан Республикасы Энергетика
|
13. |
Украина |
Қазақстан Республикасы Қаржы
|
* Оларға бекітілгендер өзгертілуі мүмкін