Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 маусымдағы N 156-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 4 шілдедегі N 181-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевпен бірге жүретін Қазақстан Республикасының делегациясын Француз Республикасына іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 маусымдағы N 156-ө  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) 2008 жылғы 11-12 маусым кезеңінде Алматы - Мәскеу - Астана - Алматы бағыты бойынша арнайы рейстің шығыстарын 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен төлесін;
      2) 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін:";

      тоғызыншы абзацтағы "Санкт-Петербург - Майндағы Франкфурт - Париж - Вена - Астана" деген сөздер "Санкт-Петербург - Майндағы Франкфурт - Париж" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр                                      К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады