"АрселорМиттал Темиртау" акционерлік қоғамының болат өнімдерін өндіруді жылына 10 миллион тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобасын іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 192-ө Өкімі

      "АрселорМиттал Темиртау" акционерлік қоғамының болат өнімдерін өндіруді жылына 10 миллион тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобасын (бұдан әрі - жоба) іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:

Школьник                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич            және сауда министрі, жетекші

Мамытбеков                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Еділ Құламқадырұлы            және сауда вице-министрі, жетекшінің
                              орынбасары

Цой                         - Қазақстан Республикасы Индустрия
Игорь Владимирович            және сауда министрлігінің департамент
                              директоры, хатшы

Әбденов                     - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Сақбалдыұлы             халықты әлеуметтік қорғау
                              вице-министрі

Ерғожин                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы                вице-министрі

Қасымбек                    - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы               коммуникация вице-министрі

Қиынов                      - Қазақстан Республикасының Энергетика
Ләззат Кетебайұлы             және минералдық ресурстар
                              вице-министрі

Құсайынов                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы              және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Сәрсембаев                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Зейнолла Сәкенұлы             ортаны қорғау вице-министрі

Шәмшидинова                 - Қазақстан Республикасының Білім және Күләш Ноғатайқызы             ғылым вице-министрі

Камалиев                    - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Берік Сайлауұлы

Бектұрғанов                 - Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Серік Шыңғысұлы

Рябцев                      - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич           шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                              комитетінің төрағасы

Франк Паннир                - "АрселорМиттал Темиртау" акционерлік
                              қоғамының Бас директоры (келісім
                              бойынша)

Перзадаев                   - "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік
Мұрат Әбдіқадырұлы            қоғамының Көмір департаментінің
                              атқарушы директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 8 тамызға дейінгі мерзімде:

      1) орындалу мерзімдері мен жауаптыларды көрсете отырып, жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;

      2) ықтимал мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде, оның ішінде:
      қолданыстағы заңнама шеңберінде салықтық және кедендік преференцияларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1097 қаулысымен бекітілген "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасына сәйкес;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен темір кені мен көмірді барлау әрі өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтарын ұзарту, сондай-ақ жер пайдалану құқығын беру жөнінде;
      "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының және оның еншілес компанияларының өндірістік және тұрмыстық үй-жайларын Тұскөл жер асты суларының көзінен, Солтүстік Ащылы және Аймантау жер асты суларының көздерінен және Клич өзенінен техникалық және ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады