Қазақстан Республикасының металлургия саласын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға дейін "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының өндірісін дамыту мен жаңғырту жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі заңды тұлғалар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 22 қыркүйектегі
N 247-ө өкімімен
бекітілген
2014 жылға дейін "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының
өндірісін дамыту мен жаңғырту жобасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
|
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Болжанатын
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Минералды қ шикізат базасын ұ лғайту |
|||||
1 |
Көмір өндіру жөнінде жер қойнауын пайдалану құқығын алуға құжаттарды ресімдеу мүмкіндігін қарау:
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ, Қоршағанортамині, Қаржымині, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
2 |
Қаражал қаласындағы "Өркен" Атасу ЖШС-ның өндірістік қуатын кеңейту үшін жалпы алаңы 500 га жер учаскесін таңдаудың және берудің орындылығын қарау:
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қарағанды облысының әкімдігі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), ЖРА, "Өркен" ЖШС (келісім бойынша) |
2009 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
2. Металлургиялық өндірісті дамыту |
|||||
3 |
Теміртау қаласының және Бұқар жырау ауданының жерлерінен мына объектілерге жалпы алаңы 2160 га жер учаскесін таңдау және бөлудің орындылығын қарау:
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қарағанды облысының әкімдігі, Қоршағанортамині, ЖРА, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы наурыз |
Талап етілмейді |
3. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту |
|||||
Темір жолдар мен станциялар |
|||||
4 |
Қаражал қаласынан Теміртау қаласына жылына 10 млн. тонна тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның инфрақұрылымына қайта жаңарту жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ (келісім бойынша), "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы маусым |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты |
5 |
Жаңа-ауыл станциясы мен Соқыр-Углерудная темір жол учаскесін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның меншігіне беру мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ККМ, "Самұрық" АҚ (келісім бойынша), Қарағанды облысының әкімдігі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы қазан |
Талап етілмейді |
4. Энергетикалық және су шаруашылығы кешендерін дамыту |
|||||
6 |
Теміртау қаласының жаңа зауытын энергетикалық қамтамасыз етуді дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ, "Самұрық" АҚ (келісім бойынша), "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), Қарағанды облысының әкімдігі |
2009 жылдың 4-тоқсаны |
Талап етілмейді |
7 |
Жаңа энергия көзін салу және жұмыс істеп тұрған ЖЭО-2 және ЖЭО-ПВС қайта жаңарту үшін техникалық тапсырма әзірлеу және бекіту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), ЭМРМ, "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылдың 4-тоқсаны |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты |
8 |
Жаңа энергия көздерінің техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттаммасын әзірлеу және бекіту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ, "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ы (келісім бойынша) |
2009 жылдың 4-тоқсаны |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты |
9 |
Жаңа электр станция салу және жұмыс істеп тұрған ЖЭО-2 және ЖЭО-ПВС қайта жаңарту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), ЭМРМ, "Самұрық" АҚ (келісім бойынша), "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша) |
2009-2013 жылдар |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты |
10 |
Қаражал қаласының су шаруашылығы кешенін қайта жаңарту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қарағанды облысының әкімдігі, АШМ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша) |
2008-2009 жылдар |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты |
5. Әлеуметтік жобалар |
|||||
11 |
Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес мектептер салу, жер учаскесін таңдау, жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру, жинақтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдық есеп |
Қарағанды облысының әкімдігі, БҒМ, ЖРА, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша) |
2010 жылдың 3-тоқсаны |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты |
12 |
Теміртау қаласында металлургия өнеркәсібі қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде өңіраралық орталық салу. Орталықты салуға жер беру. |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдық есеп |
Қарағанды облысының әкімдігі, БҒМ, Еңбекмині, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша) |
2011 жылдың 2-тоқсаны |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты |
13 |
Тіршілікті қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымдары, әлеуметтік сала мен тұрғын үйлер объектілерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
Қарағанды облысының әкімдігі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылдың 4-тоқсаны |
Талап етілмейді |
14 |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы жұмыс үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
БҒМ, Еңбекмині, ЖРА, Қарағанды облысының әкімдігі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылдың 3-тоқсаны |
Талап етілмейді |
15 |
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін (Теміртау қаласы) қазіргі заманғы ғылыми-зертханалық жабдықпен жасақтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), Қарағанды облысының әкімдігі, БҒМ |
2011 жылдың 1-жарты жылдығы |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты |
16 |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы жұмыс үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы шеңберінде ақша гранттарын бөлуді көздеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), БҒМ |
2009 жылдың 1-жарты жылдығы |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бағдарламасына сәйкес |
17 |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы технологиялық процестерде қазақстандық ғалымдардың әзірлемелерін барынша пайдалану |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), БҒМ |
жыл сайын |
Талап етілмейді |
18 |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ішкі ережесіне сәйкес жалақы төлей отырып, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның кәсіпорындарында қазақстандық студенттердің практикадан өту мәселесін қарау |
БҒМ-ге ақпарат |
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), БҒМ |
жыл сайын |
Талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатураларды ң толы қ жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі;
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі;
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі;
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі;
ЖРА - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару
агенттігі;
"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік
қоғамы;
"Самұрық" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы
"Өркен" ЖШС - "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі