Ханзада Аға Ханның Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы N 261-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Аға Ханның дамыту жөніндегі ұйымының арасындағы ынтымақтастықты нығайту, 2008 жылғы 28-31 қазанда Ханзада Аға Ханның Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      1) қосымшаға сәйкес Ханзада Аға Ханның делегациясының мүшелеріне "1+2" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2) сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Ханзада Аға Ханның делегациясының мүшелерін Астана және Талдықорған қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Ханзада Аға Ханның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Талдықорған қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана және Талдықорған қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының және Алматы облысының әкімдіктері Ханзада Аға Ханның делегациясын Астана және Талдықорған қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2008 жылғы 29 қазандағы
N 261-ө өкіміне   
қосымша       

Ханзада Аға Хан делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Ханзада Аға Ханға және оның делегациясының мүшелеріне Астана қаласындағы "1+2" форматы бойынша көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін "Рэдиссон САС" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Ханзада Аға Хан үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      4. Делегацияны қарсы алу және шығарып салу кезінде делегацияны Астана қаласының әуежайында ВИП-зал арқылы өткізу, шай дастарханын ұйымдастыру.
      5. Ресми делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады