Оңтүстік Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерінен инвестициялар тарту жөніндегі 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы N 277-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерінен инвестициялар тарту жөніндегі 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары).
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жиынтық ақпарат ұсынсын.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                           2008 жылғы 3 желтоқсандағы
                                               N 277-ө өкімімен
                                                  бекітілген

Оңтүстік Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерінен инвестициялар
  тарту жөніндегі 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспары

р/с
N

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

Оңтүстік Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерімен (Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Оман Сұлтандығы, Сирия Араб Республикасы, Сингапур Республикасы, Жапония) инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімдерге қол қою жөніндегі жұмысты жалғастыру

Халықаралық келісімдерге қол қою

ИСМ, Қаржымині, ЭБЖМ, Әділетмині, СІМ, ҰБ (келісім бойынша)

Тұрақты

Қажет етілмейді


 

2.

Оңтүстік Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдері бойынша әлеуетті инвесторларды, олардың қызмет бейінін, артықшылықтар мен мүдделерін, тәжірибесі мен басқа елдерге инвестициялау себептерін, оларды елге тарту үшін қажет шараларды айқындау мақсатында зерттеулер жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), СІМ, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Наурыз, қазан

12 200,0

Республикалық бюджет (001 Индустрия және сауда министрлігінің бағдарламасы)

3.

Басым салалар мен инвестициялық жобалар, Оңтүстік Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерінен инвестицияларды тарту ықтимал шарттар бойынша ұсыныстарды пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ТСМ, СІМ, Қоршағанортамині, ҰБ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро ҰХ" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Мамыр, желтоқсан

Қажет етілмейді


 

4.

Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері, компаниялар, нарықтар, инвестициялық жобалар туралы ақпараттық порталды құру

Ақпараттық порталды құру

ИСМ

Желтоқсан

7000,0

Республикалық бюджет (001 Индустрия және сауда министрлігінің бағдарламасы)

5.

Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы тұрақты негізде ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу

ИСМ-ге ақпарат

ЭМРМ, АШМ, ККМ, ТСМ, СІМ, Қоршағанортамині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро ҰХ" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне

1000,0

Республикалық бюджет (001 Индустрия және сауда министрлігінің бағдарламасы)

6.

Оңтүстік Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерінде алынған ақпаратты одан кейінгі тарату мақсатында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдерді ақпараттандыру

СІМ-ге ақпарат

ИСМ

20 маусым, 20 қараша

Қажет етілмеиді


 

7.

Ақпараттық порталды, саммиттерді, форумдарды қоса отырып Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін әлеуетті әріптестерге таныстыру жөнінде 2009 жылға арлалған жоспарын дайындау

ИСМ мен СІМ-нің бірлескен бұйрығы

ИСМ, СІМ

Наурыз

Қажет етілмеиді


 

8.

Қазақстан Республикасында және шет елдерде инвестициялық ахуалды жақсарту және Оңтүстік Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерінен инвестицияларды тарту мәселелерше арналған инвестициялық саммиттер мен форумдар өткізу

Саммиттер мен форумдар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ТСМ, СІМ, Қоршағанортамині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро ҰХ" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҚРА ӨҚОА (келісім бойынша)

20 шілде, 20 желтоқсан

16150,0

Республикалық бюджет (001 Индустрия және сауда министрлігінің бағдарламасы)

9.

Оңтүстік Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерінің әлеуетті инвесторларының қазақстандық компаниялар өкілдерінің мақсатты кездесулерін ұйымдастыру

Мақсатты кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ТСМ, СІМ, Қоршағанортамині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро ҰХ" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҚРА ӨҚОА (келісім бойынша)

20 шілде, 20 желтоқсан

16150,0

Республикалық бюджет (001 Индустрия және сауда министрлігінің бағдарламасы)

Жиыны:

52500,0

Республикалық бюджет (001 Индустрия және сауда министрлігінің бағдарламасы)

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ                     - Қазақстан Республикасы Экономика және
                           бюджеттік жоспарлау министрлігі
ИСМ                      - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                           сауда министрлігі
ККМ                      - Қазақстан Республикасы Көлік және
                           коммуникация министрлігі
ЭМРМ                     - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                           минералдық ресурстар министрлігі
АШМ                      - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                           министрлігі
ТСМ                      - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                           министрлігі
Қоршағанортамині         - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                           қорғау министрлігі
СІМ                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                           министрлігі
Қаржымині                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині               - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚҚА                      - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
                           қаржылық ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                           агенттігі
ҰБ                       - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
ҚРА ӨҚОА                 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
                           өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
                           агенттігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
                           акционерлік қоғамы
"ҚазАгро ҰХ" ҰӘҚ" АҚ     - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" акционерлік
                           қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады