Алматы қаласында Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының кездесуін дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 57-ө Өкімі

      2009 жылғы 27 - 29 сәуір кезеңінде Алматы қаласында және Алматы облысында Халықаралық Аралды құтқару қорының (бұдан әрі - ХАҚҚ) құрылтайшы мемлекеттері басшыларының кездесуін (бұдан әрі - кездесу) дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кездесуді дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      1) қосымшаға сәйкес Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегацияларының (бұдан әрі - делегациялар) мүшелеріне "1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2) кездесуді өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі делегация мүшелерінің Алматы қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарында қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ делегациялардың арнайы ұшақтарын күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, делегациялар басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Алматы қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Алматы қаласының әуежайында делегациялар басшыларының арнайы ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі кездесуді бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ іс-шаралар өткізу уақытында концерттік бағдарламалар ұйымдастырсын.
      6. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдері делегацияларды Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын жерлерінде бірге жүруді, делегациялар мүшелеріне медициналық қызмет көрсетуді, мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды, Алматы қаласының әуежайын, көшелерін, іс-шаралар өткізетін жерлерді дайындау мен безендіруді (оның ішінде гүлмен көркемдеу), Қазақстан Республикасы Президентінің тараптар делегациялары басшыларымен кездесу өткізетін залдар мен орындарды жалға алуды қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколы мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің алдыңғы тобы үшін іс-шаралар өткізілетін жерлерде штаб бөлмесін бөлу. Кеңсе тауарларымен және кәдесыйлармен қамтамасыз ету.
      7. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі іс-шаралар өткізілетін уақытта баспасөз орталығын ұйымдастыруды және оның жұмысын қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) іс-шаралар өтетін жерлерде техникалық және дыбыспен сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
      9. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Алматы қаласының әуежайында делегациялар басшыларын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.
      10. Қырғыз Республикасының делегациясына - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі - Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев, Тәжікстан Республикасының делегациясына - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі - Нұрғали Сәдуақасұлы Әшімов, Түрікменстан делегациясына - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі - Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Өзбекстан Республикасының делегациясына - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеев бекітілсін.
      11. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2009 жылғы 24 сәуірдегі
N 57-ө өкіміне     
қосымша         

Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегацияларының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациялары мүшелерін Алматы қаласының және Алматы облысының қонақ үйлеріне "1+5" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Алматы қаласының және Алматы облысының қонақ үйлеріне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, кездесу бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Тараптар делегацияларының басшылары мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      5. Тараптар делегацияларын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан тараптардың мемлекет басшыларының және делегациялар мүшелерінің құрметіне қабылдаулар (таңертеңгі, түскі және кешкі ас) ұйымдастыру және бірге жүретін адамдар үшін техникалық үстелдерге қызмет көрсету.
      7. Іс-шаралар өтетін жерлерде қажетті мүкәммал (киім-кешек, спорттық мүкәммал, үстелдер, креслолар және т.б.) сатып алуды және болуын қамтамасыз ету.
      8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады