Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу және дамыту мәселелері жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 65-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу және дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Ахметов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы            орынбасары, жетекші

Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы            ақпарат министрі, жетекшінің орынбасары

Байжанов                 - "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі"
Ерлан Сапарұлы             акционерлік қоғамының басқарма төрағасы,
                           хатшы (келісім бойынша)

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы          бюджеттік жоспарлау министрі

Школьник                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич         сауда министрі

Ойнаров                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Азамат Рысқұлұлы           министрінің орынбасары

Есекеев                  - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек Бақытбекұлы      байланыс агенттігінің төрағасы

Шаймағамбетов            - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Еркін Мұстафаұлы           агенттігі төрағасының орынбасары

Жұмағалиев               - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы басқарма
Асқар Қуанышұлы            төрағасы (келісім бойынша)

Тоғжанов                 - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік
Әуелбек Тұрсынұлы          қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                           бойынша)

Есімбеков                - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Сабыр Сайлаубекұлы         акционерлік қоғамының атқарушы директоры
                           (келісім бойынша)

Әлібаев                  - "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі"
Нұрлан Мырзағалиұлы        акционерлік қоғамының департамент
                           директоры

Қуатбаев                 - "Қазтелерадио" акционерлік қоғамының
Айдар Шәкірұлы             басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Ганжа                    - "Қазақстан телекоммуникациялары"
Владимир Иванович          акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша)

Оразалинов               - Қазақстан ұлттық телекоммуникация
Дулат Сұлтанұлы            қауымдастығы президентінің кеңесшісі
                           (келісім бойынша)

Сейілов                  - "Қазақ инфокоммуникация академиясы"
Шахмаран Жүрсінбекұлы      қоғамдық қорының президенті, Халықаралық
                           байланыс академиясының академигі (келісім
                           бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу және дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымовқа жүктелсін.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады