1. Қоса беріліп отырған 2009 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Астана және Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері спорт түрлері бойынша тиісті федерациялармен келісім бойынша 2009 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды (бұдан әрі - жарыстар) дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарыстардың өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі республика қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғауды, ресми тұлғалар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде олардың қауіпсіздігін, жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтардың қонақ үйлерде тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жарыстарға қатысушылардың темір жол және әуе көлігімен жүруі үшін орындардың брондалуына Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес жәрдем көрсетсін.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтарға визалық қолдау көрсетсін және визалар беруді жүргізсін.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес жарыстарға қатысушыларды, сондай-ақ спорт жабдығы мүкәммалды жедел кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.
9. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 15 мамырдағы
N 71-ө өкімімен
бекітілген
2009 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темірхан Мыңайдарұлы спорт министрі, төраға
Ермегияев - Қазақстан Республикасының Туризм және
Талғат Амангелдіұлы спорт вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Құлназаров - Қазақстан Республикасы Туризм және
Анатолий Қожекенұлы спорт министрлігі Спорт комитетінің
төрағасы, төрағаның орынбасары
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы вице-министрі
Майлыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Бағлан Асаубайұлы ақпарат вице-министрі
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің төрағасы, Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері
Біләлов - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Серік Сұлтанғазыұлы
Есімов - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы
Ізмұхамбетов - Батыс Қазақстан облысының әкімі
Бақтықожа Салахатдинұлы
Нығматулин - Қарағанды облысының әкімі
Нұрлан Зайроллаұлы
Рау - Ақмола облысының әкімі
Альберт Павлович
Сағынтаев - Павлодар облысының әкімі
Бақытжан Әбдірұлы
Сапарбаев - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Бердібек Машбекұлы
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы
Үмбетов - Алматы облысының әкімі
Серік Әбікенұлы
Қанағатов - Қазақстан Республикасы Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы спорт министрлігінің Спорт комитеті
"Штаттық ұлттық командалар және спорт
резерві дирекциясы" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
директоры
Досымбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада
Тимур Камалұлы комитетінің бас хатшысы, Қазақстан
Республикасының қазіргі көпсайыс және
биатлон одағының президенті (келісім
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 15 мамырдағы
N 71-ө өкіміне
қосымша
2009 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін республикалық және халықаралық жарыстардың тізбесі
Р/с N |
Іс-шаралардың атауы |
Өткізу мерзімі |
Өткізілетін орны |
Өткізілуі үшін жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен Әлем кубогының кезеңі |
шілде |
Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Самбо күресі федерациясы (келісім бойынша), Батыс Қазақстан облысының әкімдігі |
2 |
Ересектер мен жастар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионаты |
қыркүйек |
Астана қаласы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Қоян-қолтық ұрыс федерациясы (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі |
3 |
Жеңіл атлетикадан "Ғ. Қосанов мемориалы" атты халықаралық жарыс |
13-14 маусым |
Алматы қаласы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы (келісім бойынша), Алматы қаласының әкімдігі |
4 |
Қазақстан Республикасы Президентінің ауыр атлетика бойынша кубогы |
3-6 шілде |
Астана қаласы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі |
5 |
Триатлоннан Азия кубогының кезеңі |
5 шілде |
Бурабай кенті, Ақмола облысы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Триатлон федерациясы (келісім бойынша), Ақмола облысының әкімдігі |
6 |
Триатлоннан Азия кубогының кезеңі |
12 шілде |
Көкшетау қаласы, Ақмола облысы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Триатлон федерациясы (келісім бойынша), Ақмола облысының әкімдігі |
7 |
С. Жандосовты еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнир |
мақсаты бойынша |
мақсаты бойынша |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Дзюдо федерациясы (келісім бойынша) |
8 |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кубогына арналған волейболдан халықаралық турнир (ерлер, әйелдер) |
17-27 шілде |
Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі |
9 |
Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты |
қазан |
Астана қаласы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Гимнастика федерациясы (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі |
10 |
Қазақстан Республикасының 2-ші жазғы жастар спорт ойындары |
25 сәуір 17 мамыр |
Алматы қаласы, Астана қаласы |
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
11 |
4-ші Ауылдық спорт ойындары |
24-27 шілде |
Солтүстік Қазақстан облысы |
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
12 |
Тірек-қозғалыс аппараты (СПОДА) және көзі зақымданған мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының 3-ші жазғы спартакиадасы |
20 мамыр 14 тамыз |
Павлодар қаласы, Қарағанды қаласы |
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
13 |
Гольфтан "Kazakhstan Open" халықаралық турнирі |
20-23 қыркүйек |
Алматы қаласы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Гольф федерациясы (келісім бойынша), Алматы қаласының әкімдігі |
14 |
Әйелдер арасында 2009 жылғы әлем чемпионатына волейболдан біліктік іріктеу турнирі (1 раунд) |
10-15 маусым |
Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі |
15 |
Орталық Азия елдері командаларының 1992 - 1993 жылдары туылған жас өспірімдері арасында жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс |
16-17 мамыр |
Алматы қаласы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы (келісім бойынша), Алматы қаласының әкімдігі |
16 |
Ерлер және әйелдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты |
9-16 мамыр |
Талдықорған қаласы, Алматы облысы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы (келісім бойынша), Алматы облысының әкімдігі |
17 |
Қазақша күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионаты |
қараша |
Астана қаласы |
ТСМ, Қазақстан Республикасының Қазақша күрес федерациясы (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі |
Ескертпе:
аббревиатураның толық жазылуы:
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі