2009 жылғы 21-22 мамырда Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) отырысын өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Кеңестің отырысын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
1) қосымшаға сәйкес ресми делегациялардың мүшелерін "1+5" форматы бойынша қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) Кеңестің отырысын өткізуге жұмсалатын шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) ресми делегациялар мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, делегация басшылары арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтулерін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
1) Кеңестің отырысын бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
6. Астана қаласының әкімдігі:
1) ресми делегациялар мүшелерін Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды;
2) болатын жерлерде бірге жүруді;
3) делегация мүшелеріне медициналық қызмет көрсетуді;
4) делегация мүшелеріне көліктік қызмет көрсетуді;
5) Астана қаласының әуежайы мен көшелерін дайындауды және безендіруді;
6) іс-шаралар өткізілетін жерлерді техникалық жарақтандыруды (микрофондар, дыбысты күшейту, жарық жабдықтары, дыбыс жазу);
7) мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі:
1) іс-шаралар өткізілетін уақытта баспасөз орталығын ұйымдастыруды және оның жұмысын;
2) іс-шаралар өткізілетін жерлерді техникалық жарақтандыруды (халықаралық және қалааралық желіге шығатын телефондық және факсимильдік аппараттар, компьютерлік техника мен шығыс материалдары, көшіру-көбейту техникасы мен шығыс материалдары) қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша] Астана қаласының әуежайында ресми делегациялардың мүшелерін ресми қарсы алу/шығарып салу салтанатына қатыссын.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 18 мамырдағы
N 72-ө өкіміне
қосымша
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшыларының кеңесі отырысының ресми делегацияларының мүшелерін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. "1+5" форматы бойынша ресми делегациялардың мүшелерін және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының қонақ үйлеріне орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Кеңес отырысы ресми делегацияларының мүшелері үшін сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
4. Ресми делегацияларды қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастархандарын ұйымдастыру.
5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің атынан Кеңестің отырысына қатысушы Үкімет басшыларының құрметіне қабылдаулар (таңертеңгі, түскі және кешкі астар) ұйымдастыру және бірге жүретін адамдарға арналған техникалық үстелдерге қызмет көрсету.
6. Ресми делегациялар мүшелеріне "1+5" форматы бойынша көліктік қызмет көрсету.
7. Ресми делегацйялар мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.