Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Игорь Чудиновтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы N 84-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Игорь Чудиновтың 2009 жылғы 16 - 17 маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне "1+8" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қырғыз Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Игорь Чудиновтың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының әкімдігі Қырғыз Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөнінде ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежай мен көшелердің безендірілуін, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Игорь Чудиновты қарсы алу/шығарып салу ресми салтанатына қатыссын.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 12 маусымдағы
N 84-ө өкіміне    
      қосымша       

Қырғыз Республикасы ресми делегациясының мүшелерін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қырғыз Республикасы ресми делегациясының мүшелерін "1+8" форматы бойынша және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру.
      2. Екі жақты іс-шараларды өткізу үшін "Риксос Президент Астана" қонақ үйіндегі залдарды және дыбыс техникасын жалға алу.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Қырғыз Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ресми делегацияны қарсы алу және шығарып салу кезінде ресми делегацияны Астана қаласының әуежайында ВИП-зал арқылы өткізу, шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі И. Чудиновтың құрметіне Астана қаласында ресми қонақ астарын (ертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) ұйымдастыру.
      8. Қырғыз Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      9. Ресми делегация мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады