Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 106-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығын (бұдан әрі - Жарлық) іске асыру мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Жарлықты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Жоспарға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      1) қолданыстағы стратегиялардың, тұжырымдамалардың (доктриналардың), мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалардың Жарлыққа сәйкестігіне тексеру жүргізсін және оның нәтижелері бойынша 2010 жылғы 15 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсыныстар берсін;
      2) 2009 жылғы 10 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мемлекеттік бағдарламалар тізбесін қалыптастыру үшін ұсыныстар берсін;
      3) 2010 жылғы 1 сәуірге дейін осы өкімінің 5-тармағына сәйкес жіберілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қорытындыларын ескере отырып, 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламаларды, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму бағдарламаларын, тұжырымдамаларды (доктриналарды) бекіту туралы, сондай-ақ қолданыстағы стратегиялардың, тұжырымдамалардың (доктриналардың), мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалардың күші жойылды деп тану туралы тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне енгізсін.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары 2010 жылғы 1 сәуірге дейін облыстардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының жобаларын енгізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2010 жылғы 1 наурызға дейін осы өкімнің 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген ұсыныстарға талдау жүргізсін және өз қорытындыларын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдарға жіберсін.
      6. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының жобаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және 2010 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне енгізсін.
      7. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ орталық атқарушы органдар 2010 жылғы 1 тамызға дейін мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамаларды (доктриналарды) бекіту туралы, сондай-ақ қолданыстағы стратегиялардың, тұжырымдамалардың (доктриналардың), мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалардың күші жойылды деп тану туралы тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      8. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қорытындыларын ескере отырып, 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін аумақтарды дамыту бағдарламаларын бекіту туралы, сондай-ақ қолданыстағы өңірлік бағдарламалардың күші жойылды деп тану туралы тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын белгіленген тәртіппен жергілікті өкілетті органдарға енгізсін.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2010.09.23 № 133-ө Өкімімен.
      9. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына қатысты ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын бекіту туралы тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      10. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.

      Премьер Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 28 шілдедегі
N 106-ө өкімімен   
бекітілген      

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2010.09.23 № 133-ө Өкімімен.

Р/с N

Іс-шараның атауы

Анықтау нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Үкіметке енгізу мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы НҚА жобасын әзірлеу және Үкіметке енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЭБЖМ

2009 жылғы 20 тамыз

2

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтардың даму бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу және Үкіметке енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ

2009 жылғы 15 тамыз

3

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу және Үкіметке енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ

2009 жылғы 15 тамыз

4

Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу және Үкіметке енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭДСМ

2009 жылғы 1 қараша

5

Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу және Үкіметке енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ

2009 жылғы 10 қараша

6

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы НҚА жобасын әзірлеу және Үкіметке енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ

2009 жылғы 10 тамыз

7

Салалық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және мониторингілеу ережесін бекіту туралы НҚА жобасын әзірлеу және Үкіметке енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ

2009 жылғы 15 тамыз

8

Тұжырымдаманы (доктринаны) әзірлеу ережесін бекіту туралы НҚА жобасын әзірлеу және Үкіметке енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ

2009 жылғы 15 қараша

9

Ұлттық басқарушы ходдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы НҚА жобасын әзірлеу және Үкіметке енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ

2009 жылғы 15 қараша

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      НҚА - нормативтік құқықтық акт
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады