1. Қоса беріліп отырған "
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы
" және "
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі
заңдарын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі:
1) мемлекеттік органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 11 тамыздағы
N 115-ө өкімімен
бекітілген
"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің техникалық-экономикалық негіздемелері мен құрылыс жобаларының ережесін, келісу және бекіту мерзімдерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭМРМ |
2009 жылғы тамыз |
2. |
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭМРМ |
2009 жылғы тамыз |
3. |
Білікті энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесін бекіту туралы |
ЭМРМ бұйрығы |
ЭМРМ (жинақтау) ТМРА |
2009 жылғы тамыз |
4. |
Электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосатын ең жақын нүктені айқындау ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы |
ЭМРМ бұйрығы |
ЭМРМ (жинақтау) ТМРА |
2009 жылғы тамыз |
5. |
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді орналастыру жоспарын (бағдарламасын) бекіту туралы |
ЭМРМ бұйрығы |
ЭМРМ |
2010 жылғы тамыз |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі