"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 18 тамыздағы N 118-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы кажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
      3. Жергілікті атқарушы органдар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы тиісті ережелерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 18 тамыздағы
N 118-ө өкімімен   
бекітілген     

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

2.

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

3.

Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

4.

Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

7.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

8.

Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды табыс ету ережесін бекіту туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

9.

Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

10.

Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

11.

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану ережесі мен нормативін бекіту туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

12.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

13.

Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

14.

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру ережесін бекіту туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

15.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу ережесін бекіту туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

16.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

17.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

18.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АШМ-нің бұйрығы

АШМ

2009 жылғы қыркүйек

Аббревиатураның толық жазылуы
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады