Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 8 қыркүйектегі N 134-ө Өкімі

      Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2009 жылғы 14 - 15 қыркүйекте Астана қаласында Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), қосымшаға сәйкес "1+1+5" форматы бойынша Вьетнам Социалистік Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Вьетнам Социалистік Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрі арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының әкімдігі Вьетнам Социалистік Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2009 жылғы 8 қыркүйектегі
N 134-ө өкіміне    
қосымша        

Вьетнам Социалистік Республикасы ресми
делегациясының мүшелерін қамтамасыз ету және оларға қызмет
корсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Вьетнам Социалистік Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+1+5 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйде орналастыру.
      2. Екі жақты іс-шараларды өткізу үшін залдарды және дыбыс техникаларын жалға алу.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Вьетнам Социалистік Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
      5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің атынан Астана қаласында Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгтың құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
      6. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      7. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
      8. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      9. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады