2009 жылғы 24-26 қыркүйек кезеңінде Алматы қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) Интеграциялық комитетінің 46-шы отырысын және Кеден одағы комиссиясының 8-ші отырысын дайындау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 46-шы отырысын және Кеден одағы комиссиясының 8-ші отырысын дайындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 46-шы отырысын және Кеден одағы комиссиясының 8-ші отырысын дайындау жөніндегі жауапты орган болып айқындалсын.
3. Осы өкімнің іске асыруын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 19 қыркүйектегі
N 137-ө өкімімен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің
46-шы отырысын және Кеден одағы комиссиясының 8-ші отырысын
дайындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының
жоспары
Р/с N |
Іс-шараның атауы |
Жауапты орындаушы |
Қаржыландыру көздері |
Орындалу мерзімі |
1. |
Бизнес-форум ұйымдастыру. |
ЕурАзЭҚ ИК-нің Хатшылығы |
ЕурАзЭҚ бюджеті |
2009 жылғы 18 қыркүйекке дейін |
2. |
ЕурАзЭҚ ИК-нің және Кеден одағы комиссиясының отырыстарына қатысушыларды әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету |
СІМ, ЕурАзЭҚ ИК-нің Хатшылығы, Алматы қаласының әкімдігі |
2009 жылға арналған 006 "Өкілдік шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасы, ЕурАзЭҚ бюджеті |
2009 жылғы 23-26 қыркүйек |
3. |
Қаржыландыру көлемі мен көздерін, қажетті қаражат сомаларын қарастыру және қажет болған кезде қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар енгізу |
СІМ, ИСМ, Қаржымині, ЕурАзЭҚ ИК-нің Хатшылығы, ПІБ |
- |
2009 жылғы 21 қыркүйекке дейін |
4. |
ЕурАзЭҚ ИК-нің және Кеден одағы комиссиясының отырыстарына қатысатын тараптар делегациялары үшін қонақ үйді броньдау |
ЕурАзЭҚ ИК-нің Хатшылығы, Қазақстан Республикасының ЕурАзЭҚ жанындағы тұрақты өкілі |
- |
2009 жылғы 18 қыркүйекке дейін |
5. |
Көліктік қамтамасыз ету: |
ПІБ, ЕурАзЭҚ ИК-нің Хатшылығы |
2009 жылға арналған 006 "Өкілдік шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасы, ЕурАзЭҚ бюджеті |
2009 жылғы 21 қыркүйекке дейін |
6. |
Сарапшылар кеңестерін өткізу үшін жұмыс үй-жайларымен (4 конференц-зал), ұйымдастыру техникасымен, көшіру-көбейту техникасымен, халықаралық, қалааралық телефон байланысымен, интернетпен және қағазбен қамтамасыз ету |
Алматы қаласының әкімдігі |
Алматы қаласының бюджеті |
2009 жылғы 21 қыркүйекке дейін |
7. |
Сарапшылардың 2009 жылғы 24 қыркүйектегі кеңестері бағдарламасын дайындау |
ЕурАзЭҚ ИК-нің Хатшылығы |
- |
2009 жылғы 21 қыркүйекке дейін |
8. |
ЕурАзЭҚ ИК-нің және Кеден одағы комиссиясының отырыстарын өткізу үшін үй-жайлармен қамтамасыз ету |
ЕурАзЭҚ ИК-нің Хатшылығы |
2009 жылға арналған 006 "Өкілдік шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасы |
2009 жылғы 23 қыркүйекке дейін |
9. |
Үкімет басшылары орынбасарларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Алматы қаласының әуежайына қонуы мен одан ұшып шығуын қамтамасыз ету |
ККМ, Қорғанысмині |
- |
2009 жылғы 24-26 қыркүйек |
10. |
Отырыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету және ЕурАзЭҚ ИК және Кеден одағы комиссиясы отырыстарының қорытындылары бойынша баспасөз конференцияларын ұйымдастыру |
МАМ, ПМК-нің Баспасөз қызметі |
- |
2009 жылғы 25 қыркүйек |
11. |
Ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыру. |
МАМ, Алматы қаласының әкімдігі |
Алматы қаласының бюджеті |
2009 жылғы 18 қыркүйекке дейін |
12. |
Тараптар делегациялары мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындардағы, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
ІІМ, ҰҚК |
- |
2009 жылғы 24-26 қыркүйек |
13. |
Делегациялар басшыларына жұмыс түскі асын және сарапшылар үшін фуршет ұйымдастыру. |
ЕурАзЭҚ ИК-нің Хатшылығы, Қазақстан Республикасының ЕурАзЭҚ жанындағы тұрақты өкілі |
2009 жылға арналған 006 "Өкілдік шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасы |
2009 жылғы 21 қыркүйекке дейін |
14. |
Сарапшылар үшін кофе-брейктер ұйымдастыру. |
ЕурАзЭҚ ИК-нің Хатшылығы |
2009 жылға арналған 006 "Өкілдік шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасы |
2009 жылғы 18 қыркүйекке дейін |
15. |
Апта сайын ПМК-ге Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөнінде ақпарат беру |
ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2009 жылғы 21 қыркүйек - ағымдағы жағдай |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕурАзЭҚ-тың ИК - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті