Дүниежүзілік Банктің «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің даму бағдарламаларын қолдауға берілетін кредиттері» бағдарламасы шеңберінде қарыз тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 169-ө Өкімі

      Дүниежүзілік Банктің «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің даму бағдарламаларын қолдауға берілетін кредиттері» бағдарламасы шеңберінде қарыз тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шолпанқұлов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі, жетекші

Теңізбаева               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Алтын Теңізбайқызы         Мемлекеттік қарыз алу департаменті
                           директорының міндетін атқарушы, жетекшінің
                           орынбасары

Дүйсембай                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Асанәлі Кенжебайұлы        Мемлекеттік қарыз алу департаментінің
                           мемлекеттік сыртқы қарыздар басқармасы
                           бастығының міндетін атқарушы, хатшы

Әбдірахманов             - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын
Нұрлан Алмасұлы            және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                           агенттігі Стратегия және талдау
                           департаментінің директоры (келісім
                           бойынша)

Аязбаев                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
Нұрым Аязбайұлы            бюджеттік жоспарлау министрлігі
                           Инвестициялық саясат департаменті қаржы
                           секторын және қарыз алу саясатын дамыту
                           басқармасының бастығы

Бусс                     - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Виктор Эвальтович          әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен
                           қамту және халықтың көші-қоны департаменті
                           халықты жұмыспен қамту басқармасының
                           бастығы

Саңқыбаев                - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
Әмірбек Бөріұлы            қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                           агенттігінің өкілдігі (Астана қаласы) -
                           үйлестіру басқармасының бастығы (келісім
                           бойынша)

Қизатов                  - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Олжас Төлегенұлы           Үйлестіру департаменті экономика
                           басқармасының бастығы (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Дүниежүзілік Банктің «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің даму бағдарламаларын қолдауға берілетін кредиттері» бағдарламасы шеңберінде қарыз тарту бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады